Қоғам • 12 Қаңтар, 2022

Алматы облысында облысаралық автобус қатынасы жанданды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы облысында облысаралық автобус қатынасы қайта жанданды. Ал облысішілік ауданаралық бағыттар кеше 11 қаңтарда жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында облысаралық автобус қатынасы жанданды

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, автобус рейстері бекітілген кестеге сәйкес сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүзеге асырылады. Төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін түнгі рейстер уақытша тоқтатылды.

Айта кетсек, бүгіннен бастап Алматы қаласының маңында қала маңына қатынайтын бағдарлар іске қосылды.