Қаржы полициясы ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек көрсетіп келген республика аймақтарындағы салық органдарының 18 қызметкерін анықтады. Бұл туралы Mail.ru хабарлады.
18 ақпанда Қаржы министрлігінің Салық комитеті тауарларды импорттау кезіндегі қосымша құн салығын әкімшілдендіру басқармасының бастығы Бұлғынов құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсіп, сот санкциясымен қамауға алынды.
Бұлғынов 2009-2010 жылдар аралығында Қостанай облыстық салық департаментінің бастығы болған тұста қызмет бабын теріс пайдаланған. Нақты айтқанда, жалған кәсіпорындарға тексеру жүргізіп, олардың есеп-шоттарына заңсыз түрде артық төленген қосымша құн салығының түсуіне себепкер болған. Сондай-ақ, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық салық департаментінің бастығы болған Ж. Нүсіпов те қылмыстық топтың жалған кәсіпорындарын тексеруге қатысы болған екен. Мұнан өзге, белгілі бір қылмыс түрі бойынша Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарындағы салық органдарының 16 қызметкері жауапқа тартылды.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері Артур Ким мен Фархад Қалиевті қамауға алды. Олар жалған кәсіпорындары арқылы өзге коммерциялық ұйымдардың салық төлеуден жалтаруына ықпал жасаған көрінеді. Соның салдарынан мемлекетке 2,3 млрд. теңгеден аса шығын келген. Жалпы, өткен жылы салық органдарының 49 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Mail.ru.
Фото: Mirvam.org.

8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 23:00
Төлем нарығындағы өсім: 1 млрд-тан астам транзакция өңделді
Банк • Бүгін, 22:30
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Бүгін, 22:05
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05