Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Ақтөбе әкімдігі 300 миллион шығынға батқан

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік кезінде көшелерде тонау фактілері тіркелген жоқ. Алайда облыс әкімдігінің ғимараты зардап шекті, келтірілген шығын шамамен 300 млн теңгені құрады. Бұл туралы тікелей эфир барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе әкімдігі 300 миллион шығынға батқан

4 қаңтарда наразылық білдірушілер Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратын басып алып, ішіндегі бағалы заттарды алып кеткен.

«Ақтөбе облысында бір ғана ғимарат зардап шекті. Ол – облыс әкімдігінің ғимараты. Өздеріңіз білесіздер, бұзақылар баса-көктеп кіріп, тәулік бойы ойларындағысын жүзеге асырды. Біз бағалап отырған алдын ала шығын шамамен 300 млн теңге. Негізінен ноутбуктер, компьютерлер, бейнекамералар тоналды. Бағалау жұмыстары жүргізілуде, бірнеше бағалау компаниялары жұмыс істеуде, келесі аптада шығын сомасын нақты білетін боламыз», деді Р. Қамбаров.

 Р. Қамбаров бұзақыларға тосқауыл қойған полицияға, сондай-ақ үйде қалған азаматтарға алғысын білдірді.