Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды

497 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірнеше облысында төтенше жағдай режимінің күші жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды

Президент арнайы қаулыға қол қойды.

«Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын», делінген қаулыда.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылды,

Құжат қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.