Қарағанды облысы соңғы екі жылдағы екінші төтенше жағдайды бастан өткеруде. Алдыңғы жылы пандемияның күйіп тұрғанында ел-жұрттың бас амандығы үшін шараның мұндай қатаң түріне бағынған еді. Енді, міне, елдегі күні кеше болған күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдайдың тәртібін қабыл алуға мәжбүр болды. Бірден айтқан жөн болар, Арқа төсіндегі жұрт мұндай шараларға мейлінше түсіністік танытып отыр: аталған амалдың түбі қайырлы болатынына сенеді және тыныш заманның болғанын қалайды. Осы мақсатта тілекке тілек қосылған, мүдделі ниет әр тараптан келіп әлеуетті күшке біріккен.

Ыстық шай, сақшының көңілі жай
Бүгінде облыста құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында барлық күштік құрылымдар, атап айтқанда, полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режімде қызмет атқаруға көшірілді. Өңірдің елді мекендерінде шығу және кіру жолдарында блок-бекеттер қойылған.
Қазіргі таңда төтенше жағдайдың тәртібі күшіне енді. Соңғы мәліметтерге сай, полиция қызметкерлері 447 тәртіп бұзушылықты анықтапты. Әкімшілік қамауға 31 тәртіп бұзушы тартылған. Тыйым салынған 17 зат, оның ішінде 9 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды деген ресми ақпарат бар.
Жалпы, еліміздің оңтүстігіндегі қайғылы оқиғалар мен төтенше жағдай режімі Қарағанды облысының тұрғындарын біріктірді деп сеніммен айтуға болады. Жасыратыны жоқ, тұрғындардың көбі елді мекендерде күшейтілген патрульдеуге, сондай-ақ блок-бекеттердегі тексерулерге түсіністікпен қарайды. Тіпті белсенді азаматтардың тыныштық күзетінде тұрған тәртіп сақшыларына ыстық тамақ пен шай әкелген оқиғалары да бар. Мысалы, осындай ізгі қадамға алғашқылардың бірі болып әріптесіміз Айнұр Балакешова барды. Журналист блок-бекеттерде кезекшілік ететін полиция қызметкерлері мен Ұлттық гвардияшыларға ыстық тамақ пен шай әкелді.
– Ыстық тамақ пен шай – бұл біздің тыныштығымызды сақтайтын және бізді қорғайтын адамдар үшін жасай алатын нәрселердің аз ғана бөлігі. Күш – бірлікте! Батырларымызға көмектесейік, – дейді Айнұр Балакешова.
Тапшылық құрықталған, баға ырықталған
Қазіргі таңдағы қалыптасқан күрделі жағдайда облыста азық-түлік тапшылығының жоқтығы, жанар-жағармай қорының жеткілікті екендігі туралы ресми хабар тұрғындардың ертеңгі күнге деген сенімін еселей түсті.
Осы орайда облыс әкімі Жеңіс Қасымбек таяуда өткен аппарат кеңесінде өңірде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеуді және күнделікті мониторинг жүргізуді тапсырды.
– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыру қажет, – деген ол қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына нақты тапсырма берді.
Ерекше айта кететін жайт, облыс тұрғындары азық-түлік, жанар-жағармай және автокөлікке арналған газ бағасын көтеру фактілері туралы Senim109 қызметіне хабарлау мүмкіндігіне ие болды. Операторлар 109 қысқа нөмірі бойынша дүкендер мен жанармай құю бекеттерінің атаулары мен мекенжайларын көрсете отырып, өтініштерді қабылдайды. Бұл орайда тұрғындар қалалық және ұялы телефондар арқылы қоңырау шала алады. Барлық шағымдар құзыретті қызметтерге шара қолдану үшін жіберіледі. Өңірдегі ахуал, төтенше жағдай режімі бойынша кез келген басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қабылданатынын да айта кеткен ләзім.
Ақшаны жоқтатпады, өндірісті тоқтатпады
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында қолма-қол ақшаны банкоматтар мен банк бөлімшелерінен алуға болады. Сондай-ақ Kaspi Bank пен Halyk Bank мобильді қосымшалары арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар жүргізіледі. Бұл турасында Ұлттық банктің Қарағанды филиалының директоры Ғазиз Шегенов мәлім етті.
– Осы демалыс күндері екінші деңгейлі банктер отандық валютамен толықтырылды. Банкоматтарға қолма-қол ақша жүктелді. Банктер бұрынғы жұмыс ырғағына оралады. Kaspi Bank пен Halyk Bank мобильдік қосымшалары жұмыс істеп тұр, – деп атап өтті филиал басшысы.
Сондай-ақ индустриалды өңірдегі өнеркәсіптің тұрақты жұмыс істеп тұрғанын, кәсіпорындар бойынша ешқандай проблеманың жоқтығын айта кеткен жөн. Облыстық өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков бүгінде өңірдің барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары қалыпты режімде жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеді.
– Олардың қызметіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жалпы, облыс бойынша шикізатты, дайын өнімді, сондай-ақ жұмысшы персоналды тасымалдау және жеткізу бойынша проблемалар байқалмайды. Өнеркәсіп өнімі көлемінің жоспарланған көрсеткіштері қамтамасыз етіледі, – деді ол.
Жалпы алғанда, жүйе құрушы ірі компаниялар тұрақты жұмыс істеуде және айлық көрсеткіштерді орындауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергия көздерінің жұмысында да проблемалар жоқ деген ресми мәлімет бар. Мысалы, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов өңір бойынша жылыту маусымының тұрақты өтіп жатқанын атап өтті.
– Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық нысандары штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Өңірдің 8 стансасында 37 қазандық, оның 7-еуі резервте жұмыс істейді, – дейді басқарма басшысы.
P.S. Ал кеше облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлерімен және әскери қызметшілермен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы атынан күрделі кезеңде үйлесімді жұмыс атқарып жатқандары үшін алғыс айтты.
– Бүгінде сіздер қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында өте жауапты міндет атқарып жүрсіздер. Сіздерді мақтан етеміз және біздің азаматтарымыз сіздерге сенеді! – деді өңір басшысы.
Қарағанды облысы
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар