– Президент тапсырмасына сәйкес, Атырау облысында сұйытылған газ бағасы төмендеді. Мәселен, Атырау қаласы мен Махамбет, Индер, Исатай, Мақат аудандарында сұйытылған газ 50 теңгеден сатылып жатыр. Ал облыс орталығынан 200 шақырымнан асатын қашықта орналасқан Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарындағы баға – 55 теңге. Қазір өңірде көліктерге сұйытылған газ құятын 89 станса бар. Оның ішінде 51 станса Атырау қаласында, ал қалғаны аудандарда орналасқан. Облыста сұйытылған газдың қоры жеткілікті деуге болады. Өйткені өңірде 2 700 тонна сұйытылған газ бар, – дейді Е.Назаров.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, әлеуметтік нан және бірінші сұрыпты ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында үш жақты меморандум жасақталыпты. Соған сәйкес, өңірде 13 мың тонна бидай жеткізу жоспарланып отыр.
– Азық-түлік өнімдері айналым тізбесі арқылы алынады. Сондай азық-түлік өнімдері «Идеал», «Лидер» супермаркеттерінің 36 желісінде, көкөніс өнімдері «Дина», «Насиха», «Көктем», «Сарайшық» сауда орындарында сатылып жатыр. Қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 9 мың тонна қоры жасақталды. Тұрақтандыру қорында 579,6 тонна картоп, 325,8 тонна сәбіз, 339 тонна пияз, 200 тонна қырыққабат сақтаулы тұр. Үшжақты меморандумға сәйкес, әлеуметтік нан бағасы – 90, ал бірінші сұрыпты ұн 145 теңгеден сатылады, – деп мәлім етті Амангелді Саламат.