– Шетелдік студенттердің басым бөлігі – Ресей Федерациясындағы Астрахань облысында тұратын қандастарымыз. Өзге елдерден келіп, ілім-білім алуға ұмтылған шетелдік студенттер жергілікті жастармен бірге жатақхана тұрады. Жаппай тәртіпсіздіктен соң университет жатақханасында 21 студент қалған еді. Оның ішінде Өзбекстаннан – 8, Қытайдан – 3, Ираннан – 1, Моңғолиядан 1 студент бар. Өзгелері – өз еліміздің азаматтары, – дейді университет ректоры Саламат Идрисов.
Ректордың айтуынша, жатақханада қалған студенттерге күнделікті тұтынатын азық-түлік түрлері жеткізіліп берілген. Бұл студенттердің алаңсыз болуына мүмкіндік жасап отыр.
Атырау облысы