Қоғам • 13 Қаңтар, 2022

ҰҚК: 14 өңірден террористік қауіптің қызыл деңгейі алынып тасталды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК: 14 өңірден террористік қауіптің қызыл деңгейі алынып тасталды

Қазір Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталған.

«Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті қызыл деңгейі сақталады», делінген хабарламада.