Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Бостандық және Түрксіб аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 925 қатысушысы ұсталды. 38 бірлік атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.
«102» пультіне 961 хабарлама келіп түсті, комендатураның Call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 215 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді», дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.