Тағайындау • 13 Қаңтар, 2022

Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлан Баттақов сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ержан Қалдыбайұлы Қазанбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын және Мемлекеттік статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің РСБЖИ бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасының зерттеуші тағылымгері ретінде бастады.

1995-1996 жылдары – «Алатау Инвест» ҚФИ бас маманы, бас директордың инвестициялар жөніндегі орынбасары.

1996 жылы - Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы.

1996-2007 жылдары – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры.

2007-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі.

2012-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы.