Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022

Қостанайда жылу орталығы өртенді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда жылу орталығы өртеніп, 300-ден астам көпқабатты тұрғын үй екі сағатқа жуық жылусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan телеарнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қостанайда жылу орталығы өртенді

Оқиға бүгін таңғы 7:20-да жылу беретін кәсіпорынның шағынаудандағы нысанында болған. Мұнда 3-ші қазандықтың басқару станциясының қалқаны тұтанып, барлық электр кабельдері жанып кетті. Өртті әрі қарай өршітпес үшін мамандар қазандық жұмысын тоқтатты. Кейін өрт сөндірушілер келіп отты толық өшірген. Қазір осы орталыққа қосылған барлық тұрғын үйлерге қосымша қазандықтардан жылу беріліп жатыр. 

«Облыс әкімінің бірінші орынбасары және қала әкімі жетекшілік ететін жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауда. Қазір апат болған нөмірі үшінші қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кешке дейін жөндеп бітеміз деп ойлаймын. Тұрғындарды алаңдамауға шақырамын», деді «Жылу – энергетика орталығы» компаниясы басшысының міндетін атқарушы Виктор Шмыглов.