Төтенше жағдай тәртібіне бағынған Қарағанды облысында шектен шыққан оқиғалар әзірге байқала қойған жоқ. Өндірісті өңірде өмір өзені өзінің қалыпты арнасымен ағып жатыр деуге негіз бар.

Өзіңдікін алмай өсу жоқ
Қарағанды облысындағы алпауыт кәсіпорындар жергілікті қамтудың көрсеткіштері бойынша өткен жылды жаман қорытындыламапты. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында сатып алудағы қазақстандық қамту 72%-ды құраса, «Қазақмыс» кәсіпорнында ол меже 50%-ға жеткен. Аталған кәсіпорындар жергілікті әкімдікпен екі жыл бірлесе жұмыс істеген уақыт ішінде сатып алулар бойынша отандық тауарлардың үлесін ұлғайтып қана қоймай, жеткізушілер тізімін де кеңейту үстінде екен. Мұны жергілікті қамтуды дамыту бойынша ынтымақтастықтың қорытындылары туралы өнеркәсіпшілер мен жергілікті өндірушілердің қатысуымен өткен онлайн-кездесуде өңір басшысы Жеңіс Қасымбек те қуаттады. Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Қыдырғанбеков жергілікті өндірушілердің шикізаттық емес тауарлар көлемін арттыруға баса назар аударғанын айтады.
– Жергілікті қамту үлесін арттыру үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен бірлесіп меморандумға қол қойдық. Оған Қарағанды облысының 44 тауар өндірушісі енгізілді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұндай сатып алу көлемі 34,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2,9 млрд теңгеге артық немесе 2020 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өсті. «Қазақмыс» бойынша бұл сома 96,3 млрд теңгені құрады. Жергілікті тауарлардың үлесі екі акционерлік қоғамда да өсті, – деп мәлімдеді ол.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жергілікті компаниялардың ашық сипатта жұмыс істей бастағанын атап өтті.
– Бүгінде оң өзгерісті байқауға болады: қазақстандық және жергілікті қамтудың өсуі жүріп жатыр. Компаниялар ашық бола бастады. Осы орайда біз қарағандылық кәсіпорындардың өнімдері сұранысқа ие болуына мүдделіміз. Біз «баға – сапаның» тең жағдайында сіздер жергілікті тауарларды сатып алуларыңыз керек деп есептейміз. Осындай форматта кездесуді жалғастыра береміз және толғағы жеткен мәселелерді бірігіп шешеміз, – деді ол.
Бұл ретте компания өкілдері 2022 жылға арналған сатып алу жоспарларын таяу арада ұсынатындықтарын айтып, уәде берді. Яғни олар алдағы 1 ақпанға дейін «Қазақстандық қамту» интернет-порталында орналастырылады. Облыс әкімі Қарағанды өңірінің тауар өндірушілерін қолдау және жүйе құраушы кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыстың ұдайы бақылауда болатынын айтты.
Тәртіпсіздерді тәубесіне келтіреді
Өңірде төтенше жағдай режімі және оған байланысты бірқатар шектеулер шараларын бұзушылар азаймай тұр. Бүгінде енгізілген тәртіп пен ережені бұзған тұрғындарға қатысты 680 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ 69 адам әкімшілік қамауға алынып, 26 бұзушыға айыппұл салынған. Ал 525 тұрғын ескертумен құтылыпты. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте өңірде 34 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген екен. Полиция қызметкерлері олардың 19-ын ізін суытпай ашыпты. Атап айтқанда, тыйым салынған 45 зат тәркіленген. Оның ішінде 18 дана тегіс ұңғылы қару бар. Сондай-ақ есірткі заттарын сақтаудың 9 фактісі анықталған. Шетелдік 6 азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Полиция департаменті тұрғындарды төтенше жағдай режімін бұзбауға шақырады және полицейлердің жұмысына түсіністікпен қарайтын азаматтарға алғыс білдіреді, – дейді Қарағанды облысының коменданты, жергілікті полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.
«Омикрон» омырауламасын десек...
Қарағанды облысында эпидемиялық ахуал аяқастынан нашарлап кетті. Мәселен, өткен тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 669 жаңа оқиғасы тіркелді. Осыған сәйкес, облыс кешегі күннен бастап «қызыл аймаққа» ауысты. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұжымы өздері бас болып, жұмыс орнында қайта вакциналау іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл істе оларға облыс орталығындағы №1 көпсалалы аурухананың мобильді егу тобы көмектесті. Қарағанды облысы бойынша МФКД басшысы Ольга Смирнова мұндай қадамға тұрғындарға үлгі көрсету мақсатында барғандарын айтады.
– Департамент әкімшілігі өткен жылдың желтоқсан айында ревакциналаудан сәтті өткен болатын. Ал бүгін бүкіл ұжым басшылықтың бастамасын қолдады. Жалпы, қызметкерлеріміз өткен жылы алғашқылардың бірі болып екпе алған еді. Енді вирустың жаңа штамының қаупін және антиденелердің әсер ету мерзімін ескере отырып, алғашқылардың бірі болып ревакциналаудан өтті. Барлығымыз өз тәжірибемізде COVID-19-ға қарсы осындай алдын алу шарасының тиімділігіне көз жеткіздік. Енді өзімізді қорғап, жақындарымызды аурудың жаңа штамдарынан қорғағымыз келеді, – деді О.Смирнова.
Қарағанды облыстық санэпидбақылау департаментінің мәліметіне сай, шектеу шараларын қатаңдату «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» өткен соң, бес күннен кейін жүргізілетінін хабарлады. Яғни «сары аймақтан» «қызыл аймаққа» өту осы мерзім біткеннен кейін жүзеге асырылады.
Қарағанды облысы
Ақтөбеде оқушы қызды қаңғыбас иттер талап тастады
Оқиға • Бүгін, 13:44
Елден заңсыз ақша шығаруға бақылау күшейген
Қоғам • Бүгін, 13:36
Елімізде 18 мың адам мүгедектікті үйінен шықпай рәсімдеді
Қоғам • Бүгін, 13:25
Ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35 пайызға артқан
Үкімет • Бүгін, 13:18
Түркістан облысында екі бала шұңқыр суына батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:13
Теннисші Алан Құрманғалиев алдына жан салмады
Спорт • Бүгін, 13:02
Президент жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:55
Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:50
Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады
Білім • Бүгін, 12:40
Егістік суының 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов
Үкімет • Бүгін, 12:31
Аймақтар • Бүгін, 12:23
Соңғы қоңырауда ұстаздарға гүл сыйлауға бола ма?
Білім • Бүгін, 12:16
Елордада Сирия жөніндегі кезекті келіссөз өтеді
Елорда • Бүгін, 12:07
Германия маймылшешек ауруына байланысты карантин жариялайды
Әлем • Бүгін, 11:57
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы ақтөбелік тұрғындармен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:44
Кувейтте құмды дауылға байланысты әуе рейстері тоқтатылды
Әлем • Бүгін, 11:39
Елордада 11 автобус бағытын уақытша өзгертті
Елорда • Бүгін, 11:29
Қызылорда облысында күріш алқабы қысқарды
Қазақстан • Бүгін, 11:17
«Достық» каналы арқылы 330 млн текше метр су алынады
Қазақстан • Бүгін, 11:08
Шардара су қоймасына келетін су көлемі ұлғайды
Қазақстан • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған ер адам 7 жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Елімізде тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 10:41
Білім • Бүгін, 10:30
Спорт • Бүгін, 10:29
Спорт • Бүгін, 10:27
Медициналық пойыздар жолға шықты
Медицина • Бүгін, 10:17
ҰБТ-ның алғашқы аптасында 21 түлектің нәтижесі жойылды
Ғылым • Бүгін, 09:38
Қазақстан елшісі француз ғалымын марапаттады
Әлем • Бүгін, 09:15
Спорт • Бүгін, 08:59
Аймақтар • Бүгін, 08:58
«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой!»
Спорт • Бүгін, 08:57
Хоккей • Бүгін, 08:55
«Жасыл» өсім орнықты дамуға жетелейді
Экология • Бүгін, 08:52
Жарқын бейнесі жадымыздан өшпейді
Қазақстан • Бүгін, 08:50
Адалдық пен шындықты шырақ етті
Қазақстан • Бүгін, 08:48
Бекхожин еңбектері ғылыми айналымға енгізіледі
Қоғам • Бүгін, 08:45
Көшелерде су көлкімеуі үшін...
Ғылым • Бүгін, 08:44
Бес кішкентай пациентке бірлескен операция жасады
Медицина • Бүгін, 08:40
Bolashaq сарайы – тәлім мен тәрбие бесігі
Аймақтар • Бүгін, 08:38
Ақша-несие саясаты қатаңдауы керек пе?
Қаржы • Бүгін, 08:37
Ұқсас жаңалықтар