«Камару Усман келесі жекпе-жегінде Леон Эдвадрдспен кездеседі. Бұл керемет шайқас болатыны даусыз», деді Дана Уайт.
Камару Усман Колби Ковингтонды жеңгеннен кейін көпшілік оның мүмкін қарсыластары ретінде Хамзат Чимаев пен Леон Эдвардсты айтқан болатын.
Дана арада біршама уақыт өткеннен кейін ресми мәлімдеме жасап, Эдвардсқа мүмкіндік бергенді жөн деп тапты. Камару Усман 2015 жылы Леон Эдвардсты ұпай санымен жеңген болатын. Соған қарамастан Дана Уайт оны тағы бір сынап көрмек.