Аймақтар • 14 Қаңтар, 2022

Шымкент пен 3 облыста төтенше жағдай аяқталды

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның тағы бірнеше өңірінде төтенше жағдай режимі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Шымкент пен 3 облыста төтенше жағдай аяқталды

«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген Президент жарлығында.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Түркістан облыстарында да дәл осылай арнайы жарлықпен төтенше жағдай тоқтады.