Коронавирус • 14 Қаңтар, 2022

Шымкентте оқушылар онлайн форматқа көшті

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте оқушылар онлайн форматқа көшті

Қаулыға сәйкес, Аshyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейінгі ас беруді қоспағанда, ашық аулада, жабық үй жайларда, оның ішінде үйде де отбасылық, еске алу іс-шараларын, көпшілік іс-шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады. Сондай-ақ салтанатты ас беру, отбасылық іс-шараларды өткізу, конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын сауық және өзге де іс-шаралар, көрмелер мен марафондар, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар өткізуге болмайды. Сонымен қатар театр мен концерт залы, филармония мен түнгі клубтардың жұмыс істеуіне рұқсат жоқ.

Мектептерде сабақ қашықтан оқыту форматына көшеді.

Вакцина алған, вакцинациялаудың толық курсын аяқтаған оқушылар мен студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штатық режимде оқытуға жол беріледі. ЖОО мен колледждер аралас оқу форматын жүзеге асырады. Барлық дәрістер онлайн, ал практика, зертхана және семинар сабақтары икемді кесте бойынша штаттық форматта ұйымдастырылады.

Білім беру орталықтары мен түзету кабинеттері, үйірмелер, даму орталықтары – 10 адамға дейінгі жеке және топтық сабақтар оффлайн форматта өтеді.

Ashyq жобасына қатысатын болса, әуежайлар мен теміржол, автомобиль вокзалдары, автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пунктері қалыпты жағдайда қызмет көрсете алады. Ал, аталған нысандар Ashyq жобасына қатыспайтын болса, қызметтеріне тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар