Қаржы • 14 Қаңтар, 2022

Қазақстандықтарға 50 мың теңгеден субсидия берілетіні рас па?

2285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

What‘sApp мессенджерінде қазақстандықтарға Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда. Бұл фейк, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтарға 50 мың теңгеден субсидия берілетіні рас па?


Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.

Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ.

Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ақпаратты фейк екенін «субсидияны» алу әдісінен-ақ байқауға болады. Хабарлама авторлары төлемдер туралы ақпаратты What‘sApp-та 20 адамға немесе бес топқа жіберуді ұсынады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік төлемдер бұлай тағайындалмайды.