Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022

Бейбіт митингілерді қала орталықтарында өткізуге болады

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейбіт митингілерді қала орталықтарында өткізуге болады

«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.

Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды», деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ ол бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек деп есептейді.

«Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам», деді ол.