Үкімет • 15 Қаңтар, 2022

Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылдың 11 қаңтарында ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында елімізде «Қазақстан халқына» қоры құрылды, деп жазады Egemen.kz.

Экология министрлігінің қызметкерлері «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыларын аударады

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымы бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Премьер - Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметкерлері де бір күндік еңбекақыларын аталған қорға аударды.