Қоғам • 15 Қаңтар, 2022

Төтенше жағдай кезінде 19 полиция және әскери қызметкер қаза тапты

510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев елде болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза болғандардың нақты санын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдай кезінде 19 полиция және әскери қызметкер қаза тапты

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді», деді Бас прокуратура өкілі.

«Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимарттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипаттағы болжамдар. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», деді Серік Шалабаев.