Қазақстан • 16 Қаңтар, 2022

Алматыдағы оқиғаға байланысты 405 қылмыстық іс тергеліп жатыр

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайлы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы оқиғаға байланысты 405 қылмыстық іс тергеліп жатыр

- Қазір құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеуде. Сот санкциясымен 249 адам қамауға алынды. 2 мыңға жуық нысан зардап шекті. Нысандарды қалпына келтіруге тезірек кірісу керектігін түсінеміз. Сондықтан тергеушілер оларды тексеруге басымдық береді. Алдағы күндері барлық жұмысты аяқтаймыз. Оқиға орнынан көптеген дәлелдер, заттай айғақтар мен қылмыс іздері алынды. Мысалы, бандиттердің киімі, бейнежазбалар, қылмыс құралдары, оның ішінде 127 қару-жарақ тәркіленген, - деді ол