Аймақтар • 17 Қаңтар, 2022

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдеді

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық соты төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатысты жазаны жеңілдетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғандардың жазасы жеңілдеді

Қалалық сот төтенше жағдай режимін бұзған әкімшілік құқық бұзушылық туралы 71 материалды (ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармағы, 1-бөлігі) қарады.

Алматы аумағында сағат 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізіліп, төтенше жағдай жарияланды. Коменданттық сағат кезінде себепсіз көшеге шыққан қала тұрғындары Алматы полициясының қызметкерлеріне ұсталды. Бірінші сатыдағы сот барлық тәртіп бұзушыларға айыппұл салды.

«Апелляциялық сот алқасы материалдарды қарап, аталған тұлғалардың барлығы өз кінәсін мойындағанын, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын анықтады. Олар жасаған ісіне өкініш білдіргендіктен жазасы жеңілдетілді», деді қалалық сот.

Осы мән-жайды ескере отырып, сот аталған заң бұзушылардың барлығына жазаны жеңілдетіп, ескерту түрінде қалдырды.