Әлемдік рейтингте 42-орында тұрған Юлия Путинцева Хармони Танмен шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, жерлесіміздің WTA тізімінде 107-сатыға жайғасқан франциялық ойыншыға әлі жетпеді. 1 сағат 20 минутқа созылған бәсеке 6:3, 6:3 есебімен Танның пайдасына шешілді. Есесіне Александр Бублик өзін жақсы қырынан көрсетті. АТР рейтингінде 37-орында тұрған ол әлемнің 141-ракеткасы америкалық Эрнесто Эскобедомен күш сынасты. Алғашқы сетте Эскобедо жеңіске жеткенімен, одан кейін Бублик қарқынын күрт күшейтіп, таразы басын теңселтті. Есеп – 3:6, 7:6, 6:3, 6:3. Енді отандасымыз франциялық теннисші Гаэль Монфиспен кездеседі. Кеше АТР тізімінде 180-сатыға тұрақтаған Михаил Кукушкин үздіктер тізімінде 41-орында тұрған АҚШ-тың өкілі Томми Полмен ойнап, 6:3, 6:4, 6:2 есебімен жеңіліп қалды.
Бүгін екі қазақстандық теннисші – Елена Рыбакина мен Зарина Диас өзара күш сынасса, Тимофей Скатов словакиялық Норберт Гомбошпен сайысқа түседі.