Қоғам • 18 Қаңтар, 2022

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 13,5 мың гектарға артық егіледі

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 13,5 мың гектарға артық егіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 13,5 мың гектарға артық егіледі

«Ішкі нарықта азық-түлік тауарларының нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, бірінші кезекте, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу қажет. Облыстардың деректері бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,9 млн гектар алаңға егу жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылғы деңгейден 13,5 мың гектарға артық», деді министр.

Оның атап өтуінше, өткен жылғы құрғақшылық, сондай-ақ қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар мен пестицидтер бағасының күрт өсуі алдағы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы дайындау және сапалы жүргізу үшін елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін.

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, оның ішінде ерте пісетін көкөністер мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін «Кең дала» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттен фермерлерге жеңілдікті кредит беруді 140 млрд теңгеге дейін ұлғайту пысықталуда. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері шешілуде», деді Ербол Қарашөкеев.