Аймақтар • 18 Қаңтар, 2022

Шымкент әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

610 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының инфрақұрылыммен қамтылу жағдайымен танысып, ондағы елдімекен тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент әкімі Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 37 мыңнан астам халқы бар 10 елді мекен қосылып, ондағы елді мекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

 

13 

 

Соның бірі - Алтынтөбе тұрғын алабы. Бұл елдімекен 2015 жылы сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Ал, өткен жылы 8,1 шақырым болатын газ жүйесі тартылды. Осы жылы автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылғанда 1 231 тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұдан бөлек, биыл тұтынушыларды сапалы қуат көзімен қамту мақсатында электр желісін тарту және көшені жарықтандыру жұмыстары және екі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

 

35 

Алтынтөбенің тұрғындарымен болған кездесуде қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы тұрғындардың игілігі үшін жасалып отырғанындығын, елді мекендегі өзекті мәселелер рет-ретімен шешілетіндігін айтты.

Сонымен бірге, әкім газбен қамту мәселесіне баса назар аударып, АГРС-3 нысанын іске қосу бойынша тиісті жұмыстарды аяқтау және қоғамдық көлік аялдамаларын көбейтуді тапсырды.