Елорда • 18 Қаңтар, 2022

Елордалық жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық жасөспірім есігі ашық қалған өзгенің көлігін сатып, пайда таппақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz астаналық комендатураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық жасөспірім біреудің көлігін сатып жіберген

Полицияға елорда тұрғынынан түнгі уақытта Бейбітшілік көшесіндегі үй ауласынан белгісіз біреу ақауы бар Lada Priora көлігін ұрлап кеткені туралы арыз түскен.

«Көлік иесі есікті ұзақ уақыт ашық қалдырғаны белгілі болды. 17 жастағы жасөспірім осы жағдайды пайдаланған. Өзін көлік иесімін деп таныстырған жігіт танысына аз сомаға «көлігін» сатып алуды ұсынған. Сатып алушы көлікті тіркеп, сүйреп алып кеткен»,  делінген хабарламада.