Астана қаласында кафеде жасаған жанжалдары салдарынан екі прокуратура қызметкері жұмыстарынан босатылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Egemen.kz хабарлады.
Оқиға 2014 жылғы 1 наурыз күні «Шанхай» кафесінде орын алған. Осында тамақтандыру орнының қызметшілері мен прокуратура органдары қызметкерлері арасында жанжал туып кеткен.
«Қызметтік тексерістің қорытындысына сәйкес, прокуратура қызметкерлерінің Ар-ождан кодексінің нормаларын өрескел бұзғаны және прокуратура органдарының беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін Абзал Заңқоев Астана қаласы прокурорының 2014 жылғы 4 наурыздағы бұйрығымен Есіл ауданы прокурорының көмекшісі лауазымынан, Ілияс Әбдуәлиев Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аймақтық көлік басқармасы бастығының 3 наурыздағы бұйрығымен аталмыш басқарманың аға прокуроры лауазымынан босатылды. Екеуі де прокуратура органдарынан қызметтен шығарылды», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, қарауындағы қызметкерлеріне тиісті бақылау жасай алмағаны үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының бұйрығымен аймақтық басқарма бастығы Маралбек Ешімов қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, Есіл ауданының прокуроры Біржан Мәжренов сөгіс алды.
Құрыш Нұрымбет.
Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 14 Наурыз, 2014
Астанада прокуратура қызметкерлері қызметтен қуылды

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55