Әлем • 18 Қаңтар, 2022

Ресейде коронавирус өршіп барады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар Еуроодақ елдерінде ұзақ твиндемия басталғанын болжап отыр. Ресейде бір тәулікте коронавирустан 700-ге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде коронавирус өршіп барады

SARS-COV-2 вирусы пандемияның жаңа сипаттамаларын тудырып отыр. Еуропада твиндемияның басталуы немесе инфекцияның ұзақ ағымы туралы айтыла бастады. ЕО елдерінде ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттану қарқыны артқандықтан, сарапшылар тұмау мен COVID-19 жұқтырған пациенттердің бір уақыттағы жоғары деңгейі – ұзақ твиндемияның басталғаны туралы айтуға болатынын болжауда.

«Тұмау вирусының оралуы аурудың ұзақ таралу маусымының бастауы болуы мүмкін, ол әдетте жазға дейін созылады», деді Pasi Pentinen Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығының сарапшысы.

Мамандар твиндемия Еуроодақ елдерінің коронавирусқа қарсы күреспен айналысатын денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсіретінін атап өтті.

Ресейде коронавирусты жұқтыру қарқыны артып келеді. Өткен тәулікте COVID-19 вирусын жұқтырудың 31 252 жағдайы анықталды. Ең көп дерек елдің ірі қалаларында тіркелді: Мәскеуде - 8 342, Санкт-Петербургте – 4 078. Бір тәулікте індет салдарынан 688 науқас қайтыс болды. Жалпы, коронавирустың таралуы басталғаннан бері Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 10 865 512 жағдайы тіркелді. Көз жұму жағдайлары 322 678-ді құрады. Ресми мәліметтерге сәйкес, 76,6 миллионға жуық ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өтті. Covid-19-ға қарсы 10,8 миллион азамат ревакциналанды.