Қаржы • 19 Қаңтар, 2022

Доллар аздап қымбаттады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 11:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 434,29 теңгені (+0,22) құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар аздап қымбаттады

Айырбастау пункттерінде долларларды 437,5-438 теңгеден, еуроны - 495-500 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 5,75-5,90 теңге.

Сонымен қатар, 19 қаңтардағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да аздап өсті.

Ақпан айындағы WTI мұнай фьючерстері барреліне $85,71 құрап, 1,04%-ға өсті.

Наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,97%-ға - барреліне $88,36-ға дейін өсті.