Осы күндері Сочиде қысқы Паралимпиада ойындары өтуде. Оған Қазақстаннан бес спортшы қатысуда.
Сочиде өтіп жатқан Паралимпиадаға әлемнің 45 елінен 1650 мүгедек спортшы қатысуда. Спортшылар слеж-хоккей, керлинг, шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысынан 72 медаль жиынтығын сарапқа салуда. Ал біздің елге келсек, биылғы ойындарға Қазақстаннан алғаш рет бес спортшы қатысуда. Қазақстан Паралимпиада комитетінің деректеріне қарағанда, біздің спортшылар Сочи сынына жолдаманы Канада, Финляндия, Германияда өткен іріктеу жарыстарында жеңіп алған. Енді Паралимпиадаға қатысып жатқан спортшыларымызға келсек, оған біздің елден екі әйел, үш ер адам қатысуда. Ең жасы 23-те болса, жасы үлкені 51-де. Паралимпиадаға жолдама алғандардың ең жасы — Жаңыл Балтабаева. Ол шаңғышылар арасындағы LW12 бағдарламасы бойынша жарысқа қатысуда. Жаңыл бала кезінен мүгедек. Спортпен 13 жасынан бері айналысуда. 2013 жылғы Қазақстан чемпионы. Келесі спортшымыз Қайрат Қанапиннің көзі нашар көреді. Оның жасы 38-де. Жұмыс барысында көзінен жарақат алған екен. Ол биатлон мен шаңғы жарысына қатысуда. Содан кейін 41 жастағы Александр Колядин деген спортшымыз да шаңғының LW4 (тізеден төмен немесе жоғары протезі бар спортшылар арасындағы жарыс) бағдарламасы бойынша бақ сынасуда. Әйелдер арасында 46 жастағы Елена Мазуренко шаңғышылардың LW6 (қолы протезделген спортшылар арасындағы жарыс) бағдарламасы бойынша жарыс жолына шығып жатыр. Ол спорт шебері әрі Қазақстан чемпионы.
Жалпы, еліміз спортшылары осы кезге дейін бес қысқы Паралимпиадаға қатысқанымен, бірде-бір медаль алмаған екен. Осыған байланысты біздің мемлекетіміз Сочи Паралимпиадасында алтын медаль алған спортшыға 50 000, күміс алған отандасымызға 35 000, қола алған спортшыға 25 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тағайындады.
Әзірге біздің спортшыларымыздың Паралимпиадада жолы болар емес. Отандастарымыздың бәрі өздері қатысып жатқан жарыстарда 10-нан кейінгі орындарды алып жатыр. Мәселен, Жаңыл Балтабаева 1 шақырымдық қашықтыққа отырып жарысуда ең соңғы, 23-орынды алды.
Ерлер арасында осы қашықтыққа еркін әдіспен түрегеп жарысуда Александр Колядин 33-орынды, Ерлан Омаров 35-орынды иеленді.
Әйелдер арасында осындай бәйгеде Елена Мазуренко 16-орынды қанағат тұтты. Көзінен зақымданғандар арасындағы спринт бәйгелерінің іріктеу жарысында Қайрат Қанафин 13-орында тұр. Бұл жарыс әлі біткен жоқ. Ертең Паралимпиаданың соңғы күні осы жарыс түрінен сындар өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55