Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгияға жұмыс сапарымен барды, Egemen.kz деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бельгияға жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бельгияның Вице-Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі Софи Вильмес, Еуроодақ Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі Саймон Мордю, Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмор, Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің бас хатшысы Стефано Санино, сондай-ақ Еуроодақтың Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі Терри Хакаламен бөлек келіссөздер жүргізді.
Қазақстан мен Еуропалық Одақ екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара тиімді, көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту ниетін растады. Қазақстан СІМ басшысы М.Тілеубердінің ЕО және Бельгия басшылығымен келіссөздерінің негізгі тақырыбы осындай болды. 2020 жылғы наурызда қол қойылған Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім Қазақстан-Еуропа қатынастарының сапалы жаңа кезеңін бастауға мүмкіндік берді.
Еуропалық серіктестермен келіссөздердің басты тақырыбы Қазақстан-Еуропалық трегіндегі өзара іс-қимылды жандандыру, соңғы қайғылы оқиғаларды ескере отырып, Қазақстандағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Брюссельге 2021 жылғы 25-26 қарашадағы алғашқы ресми сапарының қорытындыларын іске асыру жөніндегі шараларды талқылау болды.
Министр еуропалық серіктестерді елдегі ішкі саяси жағдай және ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің қатысуымен жүргізілген терроризмге қарсы операция және оларды ҚР-дан шығарудың ағымдағы процесі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қол жеткізілген демократиялық жетістіктер мен қайта құруларды сақтауға елдің бейілділігін растады.
И. Гилмор және Т. Хакаламен кездесулердің басты тақырыбы адам құқықтары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері болды. Министр сұхбаттастарын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың негізгі аспектілері туралы хабардар етті.
Тараптар еліміздегі кең ауқымды реформаларға қолдау білдіріп, Қазақстан мен ЕО арасындағы заң үстемдігі және жалпы қазақстандық-еуропалық әріптестікті нығайту үшін демократияландыру мәселелеріндегі сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Министрдің Еуропалық Кеңес Президентінің Сыртқы саясат жөніндегі бас кеңесшісі С.Мордюмен, сондай-ақ бельгиялық визавимен келіссөздері барысында ҚР Президентінің Брюссельге ресми сапары және оның Король Филип және Премьер-Министр Александр Де Кромен келіссөздері барысында қол жеткізілген уағдаластықтар талқыланды.
Халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасу барысында БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Келіссөздердің күн тәртібіне өңірлік мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық және су ресурстарын басқару мәселесі кірді.
Сапар аясында министр М.Тілеуберді еуропалық БАҚ үшін Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі жаңа реформалары туралы баспасөз конференциясын өткізді.
Брюссельде болған кезде Қазақстан СІМ басшысы М.Тілеуберді Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен телефон арқылы сөйлесті. Францияның Еуропалық Одақ Кеңесіндегі ағымдағы төрағалығын ескере отырып, тараптар ү.ж. сәуірде ҚР-ЕО Ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы келісті.
Елордада қаржы пирамидаларына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды
Елорда • Бүгін, 14:08
Депутат мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселені көтерді
Қазақстан • Бүгін, 13:57
Сенатор Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысын сынға алды
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қызылордада 134 млн теңге бюджет қаржысы ұрланған
Аймақтар • Бүгін, 13:29
Лифтіде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қоғам • Бүгін, 13:21
Ресейде соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Қазақстан • Бүгін, 13:09
Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
Қоғам • Бүгін, 13:00
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Аймақтар • Бүгін, 12:52
Алтын қорының 36 пайызы ШҚО-да шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жыл басынан бері салық түсімі 1,6 есе көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:32
Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 12:24
Мемлекет басшысы Сенат төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:18
Ахмет Байтұрсынұлының туған үйін қайта жаңғырту жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 12:15
1 млрд теңге жымқырған шенеунік 7 жылға сотталды
Қазақстан • Бүгін, 12:06
Бірнеше өңірден жаңа кен орындарын іздеу басталды
Экология • Бүгін, 12:00
Мұнай мен газ қорының 75 пайызы Атырау облысында шоғырланған
Қоғам • Бүгін, 11:53
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары марапатталды
Әдебиет • Бүгін, 11:45
Каспий жағалауында итбалықтар әлі де қырылып жатыр
Экология • Бүгін, 11:38
Қазақстанда 16 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 11:32
Қорғасын мен мырыштың жаңа кен орындары ашылуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 11:22
Қорғаныс министрлігі өзімен-өзі сөйлесетін сарбазға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Ақтөбеде есірткі сатқан полиция қызметкері ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:07
Әлемде 44 миллион адам аштық алдында тұр – БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:58
Тағы жеті қазақстандық коронавирусқа шалдыққан
Коронавирус • Бүгін, 10:46
Жарнама сайттары арқылы жоқ тауарды саудалаған екі алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін күреседі
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:28
Қазақстан-Қытай арасында радиоактивті қалдықтарды өткізбеуге қатысты заң қабылданды
Үкімет • Бүгін, 10:19
«Айнтрахт» Еуропа лигасының жеңімпазы атанды
Футбол • Бүгін, 10:08
Nickelodeon мультфильмдері қазақ тілінде көрсетіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:00
Ерден Әріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылды
Қоғам • Бүгін, 09:57
Шымкентте тергеу изоляторындағы күдікті көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:48
Қаржы • Бүгін, 09:36
Түрік компаниясы Қазақстанда тері өңдеу зауытын салады
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Қоғам • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Телевизиялық байқау жеңімпаздары анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:57
Спорт • Бүгін, 08:55
Теннис • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Қоғам • Бүгін, 08:52
Ұқсас жаңалықтар