Оқиға • 19 Қаңтар, 2022

ҰҚШҰ әскерінің соңғы легі Қазақстаннан шықты

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

РФ әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚШҰ әскерінің соңғы легі Қазақстаннан шықты

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

«Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты», делінген хабарламада.

Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы үйлеріне оралған.

Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан.

Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап оралды.