Қоғам • 19 Қаңтар, 2022

Елордалық полицейлер Алматыда тонау жасаған күдіктіні ұстады

558 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының 20 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласына жеке таксимен келген. Елордаға келген ол сол күні сауда үйлерінің бірінде «Iphone 13» маркалы ұялы телефонын сатып, 380 мың теңге пайда көрген, деп хабарлайды Egemen.kz ПД-ға сілтеме жасап.

Елордалық полицейлер Алматыда тонау жасаған күдіктіні ұстады

Полиция қызметкерлері күдіктіні Ұлы Дала даңғылындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Тінту барысында Алматы қаласындағы «Белый ветер» дүкенінен ұрланған «НР» маркалы ноутбук, «Iphone 11», «Iphone 6» маркалы ұялы телефондар табылып, тәркіленді.

Күдіктінің 4 қаңтарда Алматы қаласындағы компьютерлік клубта жұмыс орнында болғаны анықталды. Жақын жерде «Белый ветер» дүкеніне шабуыл  жасалғанын білген ол қоймаға барып, төрт дана «Iphone 11» және «Iphone 13» маркалы ұялы телефондарын және «НР» маркалы екі ноутбукты ұрлап кеткен. Ұрлық жасалғаннан кейін келесі күні жас жігіт Алматыдан елордаға бет алды.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ДП УҰИ-ға қамауға алынды.

Жедел іс-шараларды өткізу кезінде ұрыдан «Iphone 13» ұялы телефонын сатып алған адам анықталды. Телефон тәркіленді.

Полиция департаменті азаматтарды құнды заттар мен техниканы сату туралы күдікті ұсыныстардан сақ болуды ескертеді.

«Тауарларды сатып алған кезде қырағылық танытып, сатушыдан чек немесе кепілдік талонын сұраңыз, күдік туындаған жағдайда полицияға хабарлаңыз. Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», деп толықтырды ПД.

ап