Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022

Жамбыл облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, УҰИ-ға қамалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Шу қаласында 53 жастағы ер адам ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде қорадан жалпы салмағы 5 кг 375 г кептірілген марихуана және салмағы 240 г гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленген.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады», деп түсіндірді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.