Теннис • 21 Қаңтар, 2022

Ұтылып қалды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірде-бір теннисшісі Мельбурнде өтіп жатқан Аустра­лияның ашық біріншілігінің жекелеген сайысында екінші кезеңнен аса алмады.

Ұтылып қалды

Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 35-орында тұрған Александр Бублик Гаэл Монфиспен күш сынасты. 35 жастағы франциялық ойыншы кезінде Ролан Гаррос пен АҚШ-тың ашық біріншілігінің жартылай финалында ойнаған. АТР жарыстарында алты рет бас жүлдені олжалады. Қазіргі кезде ол үздіктер тізімінде 19-орында тұр. Бұл бәсекеде Монфистің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 6:1, 6:0, 6:4.

Елена Рыбакина да өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Әлемнің 12-ракеткасы екінші айналымда WTA рейтингінде 76-орында тұрған Чжан Шуаймен шеберлік байқасып, алғашқы сетте қытайлық қыз жеңіске жетсе, екінші сет басталған бетте Рыбакина жарақатына байланысты бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Соңғы жаңалықтар