Спорт • 21 Қаңтар, 2022

Сальвадормен сайысады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қаңтарда АҚШ-тың Майами қала­сында аралас жекпе-жектен өтетін Eagle FC турнирінде кімдердің күш сынасатыны толықтай белгілі болды.

Сальвадормен сайысады

Даңқты спортшы Хабиб Нурмагомедовтің меншігіндегі лигада Арман Оспанов та өнер көрсетеді. Қазақтың қайсар ұлы Францияның өкілі Дилан Сальвадормен сайысқа түседі. 28 жастағы Лион қаласының тумасы кезінде кикбокстан көптеген белестерді бағын­дырып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Муай-тай мен джиу-джитсуды да жақсы меңгерген. 2019 жылдан бері аралас жекпе-жекте бақ сынап жүр. Сол аралықта бес кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жетті. Ал 32 жастағы Арман жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Аралас жекпе-жекпен айналысқанына 10 жылға жуықтады. Барлығы 15 рет айқас алаңына шыққан Оспанов 11 кездесуді өз пайдасына шешті.

Майамидегі жарыстағы басты жекпе-жегінде суринамдық Тайрон Спонг пен ресейлік Сергей Харитонов күш сынасады.