Бокс • 21 Қаңтар, 2022

Чемпиондыққа таласады

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Жан Кособуцкий 19 ақпанда Германияның Гамбург қаласында WBC International нұсқа­сының чемпиондық белбеуі үшін жұды­рықтасады.

Чемпиондыққа таласады

Қазіргі уақытта қос тарап келіссөздер жүргізуде. Жанның қарсыласы жайында айтар болсақ, ол – Жоан Дюопа. 5 ақпанда 41 жасқа толғалы отырған франциялық бокс­шы 2004 жылдан бері кәсіпқой рингте өнер көрсетуде. Сол аралықта 45 кездесу өткізіп, 39 рет жеңіске жетті. 26 қарсыласын есінен тандырды. 2015 жылы Жоан WBA нұсқасының алтын белбеуі үшін таласты. Бірақ АҚШ-тың атақты боксшысы Деонтей Уайлдерден 11-раунд­та нокаутпен ұтылды.

33 жастағы Жан Кособуцкий кәсіпқойлар арасында 2017 жылдан бері күш сынасуда. Сол аралықта 17 рет шаршы алаңға көтерілген жерлесіміз барлық бәсекені өз пайдасына шешіп, 16 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.