КСРО дәуірі жақсы болса да, жаман болса да біздің кешегі тарихымыз. Оны көзі көрген Қазақстанның орта және аға буын тұрғындары осы күнге дейін арамызда жүр. Олай болса, мазмұндық яғни сана-cезім тұрғысында, кеңестік идеология мен оны «аңсау» ниетінен арылу және тәуелсіздікті шартсыз құндылық деп мойындау құбылысының қосарланып отыру мүмкіндігін де теріске шығару қиын.

Бұл үрдіс бұрынғыдай коммунистік құрылыс немесе идеология деп аталмаса да, жалпы солшыл бағыттан адамзат санасының арыла қоюы әзірше екіталай. Өйткені ол халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты. Жаһанданған заманда әлемде 811 миллион адамның аштық жағдайында өмір сүріп жатқанын, жұмыссыздықтың толастамай тұрғанын жасырып, «әлеуметтік теңдікті» ту ететіндердің санын азайту оңайға түсе қоймас. Осылардың сандық көрсеткіштері, әлбетте, сапаға «көшіп» теңгермешілдік идеясына жан бітіреді. Себебі марксизм іліміндегі «сананы тұрмыс анықтайды» немесе «тұрмыс қоғамдық сананы билейді» деген түсінік адамдардың кейбір топтарына осы күнге дейін әсер етуде.
Ендеше, мұндай жағдайды мүлдем ескермеудің реті келмес. Қалай болғанда да КСРО-ның күйреуі психологиялық тұрғыда жандарына бататын адамдар бір мезгілде сол кезеңнің идеологиясының тасымалдаушысы болып табылатыны айтпаса да түсінікті. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі қиындықтар, сол сияқты белгісіздік адамдарды болашақтан түңілуге дейін жеткізгені де рас. Кейбіреулер Қазақстанның тәуелсіздік алғанына ашық қарсылық білдірмесе де, іштей, санасында оны қабылдауға асыға қоймағаны белгілі. Адамның табиғатына дүниеде болып жатқан оқиғаларға салыстырмалы түрде қарау тән. Сондықтан болар, олар Кеңес дәуірінің болашағының жоқтығын көре тұра, сол идеологиядан бас тартқысы келмеді. Бұлар мұндай көңіл күйдің деструктивтік сипатқа ие болып кету мүмкіндігін де онша түсіне қоймағанға ұқсайды.
Ендігі жерде Қазақстан азаматтарының арасында, жалпы қоғамдық қатынастарда аталған кеңестік сананың «қалдығын» азайту негізінде елімізде тәуелсіздік құндылықтарын толыққанды орнықтыру мақсаты тұр. Өткенді қайтаруға болмайтындығын халыққа тереңірек түсіндіріп, оның мүмкін еместігін санасына сіңіріп, жүрегіне ұялата білген жөн. Бұл жұмыс тек КСРО-ны көргендердің арасында ғана емес, әсіресе, жастар арасында тиянақты түрде, ешбір шалағайлықсыз осы өзгерістердің қайтымсыздығын түсінетіндей етіп жүргізілуі тиіс. Яғни кеңестік идеологияны толықтай еңсеру мәселесі өзекті проблемаға айналып отырғанын ең алдымен билік терең түсініп, тиісті шаралар қолданғаны дұрыс. Бәрі бітті, өтті, енді ол қайтып оралмайды деп қана осынау күрделі және кешенді мәселеге жеңіл қарап, босаңсуға жол берудің қисыны жоқ.
Бастысы, КСРО-ның күйреуін геосаяси шынайылық ретінде қабылдау қоғамдық өмірдегі идеологиялық-саяси көзқарастарды бейнелеуді түбегейлі өзгертеді. Өйткені әлемде социалистік идеологияны ұстанатындар осы күнге дейін өз пікірлерінен бас тартпауда. Ал посткеңестік кеңістікте кеңес заманын «аңсайтындар», тіптен оны қайта қалпына келтіргісі келетіндер де баршылық. Бұған тосқауыл болу үшін қазақстандықтардың санасында өзінің ортақ тарихын жаңаша қабылдау үрдісін қалыптастырып, оны біртіндеп қоғамдық санада бекіту жағын қарастыру қажет.
Қазақстанның болашағы мен тәуелсіздіктің басты құндылықтарын мәңгілік ету үшін қазақстандық бірегейлікті нығайтудың маңызы зор. Оны тереңдету барлық өткен тарихымызды объективті зерделеуден үзілді-кесілді бас тарту, оның бәрін теріске шығару немесе оны негізсіз қайта жазуды аңғартпайды. Керісінше, ол Кеңес Одағы идеологиясы әлеуетінің сарқылып, алғашқы мәнін жоғалтып, жалаң ұрандарға ойысқан уәделері мен жоспарлары халықтың мүддесінен шықпай, қоғамға ұсынған болашағы тартымсыз болып кеткенін дәлелдеу деген сөз. Осы кезеңдерде КСРО-ны халықтың қалыпты мемлекет ретінде қабылдамағанын және оған сенімсіздікпен қарағанын нақты мысалдармен дәлелдеген маңыздырақ. Себебі коммунистік идеяның өзі әбден әлсіреп, дүниежүзілік коммунистік қозғалыс қызметін тоқтатып, оған кірген компартиялар дағдарысқа ұшырап, тарихи аренадан кете бастады. Олай болса, одан біртіндеп арылып, ұлттық, азаматтық сана-сезімді қалыптастырудың оңтайлы жолын қарастыру маңызды. Сонда ғана қазақ халқы, бүкіл қазақстандықтар Қазақстанның тәуелсіздігін дұрыс қабылдап, қоғамда ортақ үйіміз – тәуелсіз Қазақстанға деген пейіл өзгереді. Сонда ғана қол жеткен жетістіктерді әрі қарай дамытып қана қоймай, қазақстандық қоғамның жаңа сапалы деңгейге өтуін қамтамасыз етудің міндеті стратегиялық сипатқа ие болады.
Қоғам • Бүгін, 22:32
Қоғам • Бүгін, 22:26
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Бүгін, 22:23
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Бүгін, 22:20
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Бүгін, 22:18
Руханият • Бүгін, 22:16
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Бүгін, 22:15
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Бүгін, 22:14
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Бүгін, 22:12
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:11
Аймақтар • Бүгін, 22:10
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Бүгін, 22:08
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Бүгін, 22:07
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Бүгін, 22:06
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Бүгін, 22:05
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Бүгін, 22:02
Экономика • Бүгін, 21:59
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 21:57
Мүгедектігі бар адамдардың да жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар
Қазақстан • Бүгін, 21:53
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Бүгін, 21:49
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Бүгін, 21:07
Жамбылдағы түзеу мекемесіндегі жемқорлықпен сотталғандар қалай өмір сүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 20:44
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:27
Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жұмысын жалғастыруды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 20:03
Ақмолада 10 жастағы баланы зорлаған жасөспірімдер ісі тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 19:48
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Бүгін, 19:27
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Бүгін, 19:10
Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 18:54
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді
Білім • Бүгін, 18:34
Президенттің атына әлемдік көшбасшылардан құттықтаулар келіп жатыр
Президент • Бүгін, 18:26
Атырау қантты Үндістаннан сатып алуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 18:21
COVID-19: Бейжің метрополитенінде 100-ден аса станция жабылды
Коронавирус • Бүгін, 18:16
«Turkistan Invest» төрағасының орынбасары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:04
Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
ШҚО-да ауыл көшесіне көпбалалы ананың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 17:48
Алматылықтар электр энергиясы үшін енді көбірек ақы төлейді
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:29
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:18
Ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Ұқсас жаңалықтар