Аймақтар • 21 Қаңтар, 2022

Алматыда барлық өнеркәсіп орындары мен базарлар жұмысын қайта бастады

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда барлық өнеркәсіп орындары мен базарлар жұмысын қайта бастады

Оның айтуынша, бүгін Алматыда барлық 120 өнеркәсіптік кәсіпорын, 7,7 мың қызмет көрсету нысаны және 51 базар жұмысын қайта бастады. 110 азық-түлік емес сауда объектілерінің 99-ы, 93 сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің 87-і, 220 жанар-жағармай құю станциясының 190-ы, 3 100 қоғамдық тамақтану объектілерінің 3068-і, сондай-ақ 975 дәріхана өз қызметін қайта жандандырды.

Азық-түлік сауда объектілері бойынша бүгінгі күні қалада 149-дан 145 (97,3%) жұмыс істейді, қалған төрт филиал (үшеуі – «Магнум», біреуі – «Интерфуд») 24 қаңтарға дейін қызметін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

«Алматы өндірушілері мен өңірлерден азық-түлік жеткізудің барлық арналары қалпына келтірілді. Қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды», деді қала әкімінің орынбасары.