Әлем • 22 Қаңтар, 2022

Грекия парламентіне хакерлік шабуыл жасалды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек парламенті 21 қаңтар, жұма күні хакерлердің шабуылына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грекия парламентіне хакерлік шабуыл жасалды

Билік 60 электрондық поштаның бұзылғанын хабарлады. Пошталар заң шығарушылар, журналистер мен әкімшілік қызметкерлерге тиесілі болған. 

IT департаменті парламенттің электрондық поштасына IP мекенжайларынан тыс кіру әрекетін анықтады. 

«Зақымдалған электрондық пошталар дереу өшіріліп, мемлекеттік органдар бұл туралы хабарланды. IT департаменті оқиғаны бағалау үшін құзырлы органдармен тығыз жұмыс істеуде»,  деп жазылған ведомство хабарламасында.