Қазақстан • 22 Қаңтар, 2022

STOPTERRORISM сайтына 1500-ден астам ақпарат келіп түсті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтардың «STOPTERRORISM.KZ» ресми сайтына жолданған бейне жазбалары, оқиғалардың мән-жайларын анықтауға елеулі көмек көрсетуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

STOPTERRORISM сайтына 1500-ден астам ақпарат келіп түсті

«Аталған сайтқа 1500-ден астам ақпараттар түсті. Олар тергеушілермен толық зерделенуде. Осы сайтты қолдану арқылы, Алматы қалалық әкімшілігінің алдында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тұлғаларды анықтадық», деді ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Сонымен қатар ол азаматтардың көмегіне Бас прокуратура атынан алғыс айтты.

Еске салайық, STOPTERRORISM.KZ бұл сайт биылғы 12 қаңтарда іске қосылған.