Қазақстан • 22 Қаңтар, 2022

ҰҚК жасырын есірткі зертханасын анықтады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «М» деген азаматшаны ұстап, УҰИ-ға қамады, деп хабарлайды Egemen.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК жасырын есірткі зертханасын анықтады

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 2 кг «мефедрон» психотроптық заты, прекурсорлардың ірі партиясы, зертханалық жабдық пен химиялық қорғау құралдары алынды.

а

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.