Аймақтар • 23 Қаңтар, 2022

Алматының оңтүстігінде жер сілкінді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Білім және ғылым министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматының оңтүстігінде жер сілкінді

Жер дүмпуі Алматы уақытымен 16 сағат 01 минут 45 секундта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 9,9 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.0, магнитудасы - 3,1.

Тереңдігі - 10 шақырым