Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті. Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.

Былтыр «Ақтау теңіз порты» арнайы аймағының қызмет түрлері кеңейтілді. Енді аталған АЭА жылу электр стансаларымен электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы; қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну; жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер секілді жобалармен айналыса алады:
Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі – «Сарыарқа» АЭА. Онда дайын металл бұйымдары мен құрылыс материалдары: шарлы крандар, жылу оқшаулағыш құбырлар, отқа төзімді материалдар, жезден жасалған бұйымдар, дірілге және отқа төзімді бұйымдар шығарылады. Енді «Сарыарқа» АЭА-да істен шыққан көлік құралдарын, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын жинап, өңдеп және қал-
дықтарды жойып, қалпына келтіре алады.
Qyzyljar АЭА қызмет түрлерінің толықтырылған тізбесіне ағаш массасы мен целлюлоза; қағаз және картон; гофрокартон; қағаз және картон ыдысы; шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары; фармацевтикалық өнімдер мен препараттар; ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі кірді.
Қызметтің басым түрлерінің тізбесі TURKISTAN АЭА-да да кеңейтілді. Нысандарға кешенді қызмет көрсету; аумақтарды абаттандыру қызметтері; жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу; тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету; электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу; басқа топтамаларға енгізілмеген ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы өзге де қызмет түрлері қосылды.
Бұдан басқа, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі», «Ақтау теңіз порты», «Сарыарқа», «Тараз химиялық паркі» және «Павлодар» АЭА-да қызмет түрлері «Көп бейінді аурухана құрылысы және пайдалануға беру» тармағымен толықтырылды.
Сонымен қатар былтыр бірнеше АЭА аумағы ұлғайтылды. «Сарыарқа» АЭА ауданы жылу электр стансасын және ферроқорытпа мен кокс өндіретін зауыттар салу үшін 345,5 га-ға өсті. Qyzyljar АЭА-на қағаз және қағаз өнімдерін өндіретін зауыт салу үшін 15 га қосылды. «Астана – жаңа қала» АЭА 83,7 га-ға ұлғайып, оның аумағында темір жол машина жасау кластері құрылды. Кезінде жеңілдіктер құрылыс индустриясына қатысушыларды қызықтырып, қысқа мерзім ішінде көптеген тұрғын үйлер және әлеуметтік объектілер салынды. Елорданың сол жағалауында жаңа әкімшілік-іскерлік және мәдени орталық құрылды.
Айта кетелік, бүгінгі таңда Қазақстанда 13 АЭА жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап онда 307 жоба іске асырылып, 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. АЭА-ның ерекше мәртебесінің нәтижесінде кәсіпорындарда 30-дан астам жаңа өнім түрлері, оның ішінде оптикалық құрылғылар, түнде көру аспаптары, бронетранспортерлер, локомотивтер, жолаушылар вагондары, премиум-класты құбырлар, мақта целлюлозасы, полипропилен жіптер және т.б. шығару жолға қойылды.
АЭА қатысушылары үшін бизнесті мемлекеттік қолдау түрінде бірқатар жеңілдіктер жасалды. Атап айтқанда, резиденттер корпоративтік, жер және мүлік салығын төлемейді. АЭА аумағында сатылатын тауарлар үшін қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 0-ге тең. Жер учаскелеріне барлық қажетті инфрақұрылым тартылады. Учаскелер АЭА режімінің барлық кезеңіне тегін беріледі. Қатысушылар жалдау және жер салығын төлеуден босатылды.
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар