Бүгін, 17 наурыз күні Астанаға іргелес орналасқан Қосшы елді мекені жолында ауыр жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі хабарлады.
Таңертеңгі сағат 7:20-да Қосшы елді мекенінен Астана қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы мен қарсы бағытта келе жатқан ауыр жүк көлігі соқтығысып, 1 сағаттай уақыт бойы көлік кептелісі орын алды. Бейресми дерек көзіне жүгінсек, осы жол апатынан 11 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Ал 2 адамның жағдайы нашар көрінеді.
Күн сайын Қосшы елді мекеніне Астана қаласы бағытынан ауыр жүк көліктері бірінен соң бірі өтіп жатады. Әрі осы жол жиегіндегі бағдаршам бірде істеп бірде мүлде сөніп тұрады.
Қосшыдан бері Лесная поляна деп аталатын аймақ бар. Онда көпқабатты 20-дан аса тұрғын үй орналасқан. Осы екі аралыққа қатынайтын жолаушылар автобусы қатары да жыл санап артып келеді. Оның үстіне мұндағы тұрғындардың басым бөлігі көлігімен қалаға қатынап жұмыс істейді. Өйткені, бұл жерде мектеп пен балабақша және дәрігерлік-амбулаториялық пункт ғана бар.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: Egemen.kz.
• 17 Наурыз, 2014
Астана түбінде жүк көлігі мен автобус соқтығысты

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше