Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Алматыдағы жолайрықтар құрылысы қашан аяқталады?

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда үш жолайрық құрылысын аяқтау мерзімі айтылды. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы жолайрықтар құрылысы қашан аяқталады?

Мұрзахановтың айтуынша, Бұқтырма - Құлжа, Сейфуллин - Жансүгіров және Сайн - Мөңке би жолайрықтарының құрылысы жалғасып жатыр.

«Бұқтырма және Құлжа жол айрығы бойынша жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Қала аумағы бойынша жер учаскелерін сатып алу толығымен аяқталды. Жақын арада Талғар ауданы аумағынан екі учаске сатып аламыз. Бұл мәселемен Алматы облысының әкімдігі айналысады.

Кейін эстакада мен съездер салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау, сол арқылы көліктің барлық бағыттарда жүруін қамтамасыз ету жоспары бар. Биылғы жылдың қыркүйегіне барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр», деді Мұрзаханов.

Оның айтуынша, Сейфуллин мен Жансүгіров жолайырығындағы сатып алынған учаскелерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс толық 2023 жылы аяқталады деп жоспарланған.

«Сайн мен Мөңке би жолайрығында дайындық жұмыстары басталды. Биыл бұл жолайрығында да қозғалысты ашу жоспары бар, бірақ жұмыстың толық аяқталуы 2023 жылға жоспарланған», деп түйіндеді ол.

Ғани Мұрзаханов, өткен жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы аяқталғанын еске салды.