Саясат • 24 Қаңтар, 2022

Қырғыз Президенті жұмыс сапарымен Қытайға барады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барар алдында қашықтан жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды Egemen.kz Жапаровтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз Президенті жұмыс сапарымен Қытайға барады

«Бұл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына және қазіргі жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігіне байланысты», делінген хабарламада. 

Садыр Жапаров қашықтағы режимге қарамастан әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызметін жалғастырады.

Айта кетейік, 3-5 ақпанда Қытайға жоспарланған сапар аясында Президент Садыр Жапаров Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады. Сондай-ақ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты кездесу өткізеді.