«Базалық қағидаттар ретінде ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес айқындалған. Менің ойымша, бетбұрыс кезеңі Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлттық байлықты әділ бөлудің элементі ретінде қор активтерін иеленуге тікелей қатысу мүмкіндігі болуы мүмкін», деп қосты Сәтқалиев.
«Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен бизнес-қоғамдастықпен ашық диалог форматында талқыланатын болады. Біздің бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оның табысты енгізілуін және орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын», деп қорытындылады қор басшысы.