Оқиға • 24 Қаңтар, 2022

Ақтөбеде ауруханадан қашқан күдікті қолға түсті

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында кісі өлтірді деп айып тағылған күдікті ауруханадан қашып кетті. Ол бір күннен соң ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде ауруханадан қашқан күдікті қолға түсті

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қаңтар күні болды.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделіп жатқан А. жексенбі күні таңертең қамаудан қашып кетті. Бірден іздеу жүргізілді.

«Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚР ҚК «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бабы бойынша). Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ал бүгін облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.