Швеция намысын қорғап жүрген шешен жігіті бүгінде Таиландта дайындығын пысықтап жатқаны мәлім. Ол жаттығу залында құр жүрмей, бразилиялық қарсыласы Гилберт Бернстің шамына тиіп қойғанды ұмыт қалдырмады.
«Октагонда өлуге дайын бол, бала» деген мәтінде твиттерде жазба қалдырған ол қарсыласын белгілеуді де есінен шығармаған. Соңғы рет өткен жылдың қазан айында қытайлық аралас жекпе-жек шеберін қылқындыру әдісімен жеңген ол орта салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізгісі келеді.
Гилберт Бернс бұған дейін әлем чемпионы Камару Усманға қарсы сегіз бұрышқа шығып, қарсыласына есе жіберген еді.