Қоғам • 24 Қаңтар, 2022

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде елде ешқандай мешіт зардап шеккен жоқ

2292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар қырғыны кезінде ешқандай мешіт зардап шеккен жоқ. Бұл туралы елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде елде ешқандай мешіт зардап шеккен жоқ

«Аллаға шүкір, мешіттерге зардап келген жоқ. Осы тұста дін мамандары бұзақылыққа қарсымыз, дін де қарсы. Себебі арандатушылық еш жақсылыққа алып келмейді. Ол туалы жамағатқа айтып та жатырмыз. Пайғамбарымыз «іріткі ол ұйықтап жататын нәрсе, оны оятқан адамға Алланың қарғысы болсын» деген. Сондай-ақ, хадистерге жазылғандай «іріткі кезінде тұрған адамнан, отырған адам жақсы» делінген. Тұрақтылық, тыныштық тәңірдің берген сыйы. Ал оны сақтау өз қолымызда. Бізде мешіттер зардап шекті деген ешқандай мағлұмат жоқ», деді Ерболат Жүсіпов.

Одан бөлек, имам жаппай бассыздық кезінде діни сала мамандарының да зардап шекпегенін жеткізді.